Алматыда қыз алып қашқан топ апатқа ұшырады: Қыз көз жұмды

/
Алматыда қыз алып қашқан топ апатқа ұшырады: Қыз көз жұмды
pixabay.com

Алматы облысында "алып қашу" дәстүрі қайғылы жол-көлік оқиғасымен аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қалыңдық Батыс Алматы айналма жолының (БАКАД) 36-шақырымында екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан оқиға орнында қаза тапты. Жігіт пен оның екі танысы да жарақат алды, оқиғаға кінәлі жүргізуші қамауға алынды.

Kia және Mercedes-Benz көліктері соқтығысқан. Қатты соққыдан Mercedes аударылып кеткен. Қалыңдық Mercedes көлігінің салонында отырған.

Ауыр салдарға әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Соқтығысқа себепкер болған Kia автокөлігінің жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары