Адвокат Ләззат Ахатова жұбайымен не үшін ажырасып кеткенін түсіндірді (ВИДЕО)

/
Адвокат Ләззат Ахатова жұбайымен не үшін ажырасып кеткенін түсіндірді (ВИДЕО)

Оның бұл жайында сөз қозғауына журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың Мұхамеджан Тазабекке қойған сұрағы түрткі болған, деп жазды turkystan.kz.

Журанлист Мұхамеджан Тазабектен адвокат Ләззат Ахатоваға деген сезімі бар-жоғын бірнеше рет сұраған. Сөз соңында оның ажырасқанын және ұрпақ жалғастыру туралы да атап өткен. Өзі жайында мұндай сұрақ қойып, оны елге жариялаған Нұрсейіт Жылқышыбайға адвокат ашулы жауап қайтарды.

«Нұрсейіт Жылқышыбай, мына сұрағыңыз өте ерсі. Мұхамеджан  дұрыс айтады: бірге оқыдық. Мен ол кезде ұзатылып кеткен, өз отбасы бар адам едім. Мұхаңмен бірге оқыды деген атым болмаса, көп те араласпағанбыз. Мен тек Мұхамеджанмен емес, курстастардың денімен дос ретінде араласамын. Ол заңды да. Қазір ажырасып кетсем, немене міндетті түрде бірге оқыған біреумен жүру керек пе? Мен қанша жерден басым бос болса да, отбасылы азаматпен байланысқан емеспін, байланыспаймын да. Өзімнің отбасымның шырқы солай бұзылып, шаңырағым ортасына түскесін, ешқашан біреудің ұйып отырған шаңырағын бұзбаймын да, өзімдей анаға, әйелге титтей де зиянымды тигізбеймін. Менің өмірлік принципім сондай. Менің жеке өмірімді сөз етуге қақыңыз жоқ! Ажырассам, ерден ажырасқан шығармын, бірақ менің алтындай ұл-қызым бар, жалғыз емеспін», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ қорғаушы жазбасында аталған азаматпен ара-қатынасы жайлы кеңірек баяндап берген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары