ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 23 мамырда Астана уақытымен 16 сағат 01 мин жер сілкінісі тіркелді, деп хабаралады turkystan.kz.
Айта кетейік, дәл сол сәтте Шерзаттың ісі бойынша тыңдау өтіп жатқан еді. Төтенше жағдай болған кезде отырыста үзіліс жарияланған еді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан шекарасында Талдықорған қаласынан солтүстікке қарай 12 км. жерде орналасқан.
ҚР ТЖМ Сейсмологиялык зерттеу институтының ақпараты бойынша мәліметтер:
- Талдықорған қ. - 4.0 б.
- Балпық-Би а. - 4.0 б.
- Қарабұлақ к. - 3.0 б.
- Үштөбе қ. - 3.0 б.
- Текели қ. - 2.0 б.
- Сарыөзек а. - 2.0 б.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәліметтер анықталып жатыр.