76 жастағы хореограф «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды

/
76 жастағы хореограф «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды
Ақмола облысы әкімдігі

50 жылдан астам ғұмырын би өнеріне арнаған Целиноград аудандық мәдениет үйінің 76 жастағы хореографы Ерсін Жүсіпов «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды, деп хабаралады turkystan.kz.

Оның шәкірттерімен би орындаған бейнежазбасы әлеуметтік желілерде кең тарап, халықтың ыстық ықыласына ие болған.

Ерсін Жүсіпов – тек ұстаз ғана емес, бірнеше буын талантты бишілерді тәрбиелеп шығарған нағыз шебер-тәлімгер. Оның «Ақбота» би ансамблі «Халықтық» атағына ие болып, Целиноград ауданының мәдени брендіне айналды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Turkystan.kz тілшісі жасы келсе де шаршамай жұмысына жан-тәнімен беріліп, көпшілікті тәнті еткен хореограф Ерсін Жүсіповпен сұхбаттасқан болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары