Шымкентте өткен қайырымдылық іс-шарасында танымал әзілкеш Ғалымжан Құрманбек адамдарға «жәннатқа билет» сатты, деп хабарлады turkystan.kz.
Желіде таралған видеода билет бағасы 1 миллионнан басталып, 50 миллион теңгеге дейін айтылады.
Ғалымжан Құрманбек билеттерді ұсынып, оларды нақты ақшаға саудалағанын көруге болады. Аталған оқиға елдің ашуын туғызып, бұл әрекетті дінмен ойнау және арсыз табыс көзі ретінде бағалаған.
Желіде көпшілік «Жәннатқа өзі ертіп апар ма?«, «Ұят-намыс деген жоқ» деп пікір қалдырған.