Шымкентте 15 жастағы қыз ішіп алып, саябақта сайран салған

/
Шымкентте 15 жастағы қыз ішіп алып, саябақта сайран салған
istockphoto.com

Шымкент қаласындағы Дендропаркте 15 жастағы қыз ішіп алып, мас болып, сайран салған. Оқиға биылғы 5 мамырда болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотта қыздың анасы оның заңды өкілі ретінде ата-аналық міндетін дұрыс атқармағанын, баласын дұрыс бақыламағанын айтып, кінәсін мойындаған. Сондай-ақ соттан қатаң жаза қолданбауды сұраған.

Сот оның кінәсін мойындағанын, өкінгенін, асырауында екі баласының барын, жалғыз басты ана екенін ескеріп, ӘҚБтК-нің 819-бабының 2-бөлігінің негізінде әкімшілік айыппұл сомасын айыппұлдың жалпы сомасынан отыз пайызға қысқартуға болады деп есептеді.

Осылайша ол кінәлі деп танып, оған 27 524 теңге айыппұл салынды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары