Бұдан былай медициналық ұйымдар МӘМС-тегі ақша қайда жұмсалғанын жариялайды

/
Бұдан былай медициналық ұйымдар МӘМС-тегі ақша қайда жұмсалғанын жариялайды
istockphoto.com

Мәжіліс парламенті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызмет көрсету мәселелері туралы заңды екінші оқылымда қабылдады.

Оған сәйкес:

МӘМС жүйесіндегі қаражаттың жұмсалуы туралы ақпарат ресми интернет-ресурстарда міндетті түрде жариялануы тиіс.

Сондай-ақ қызметтерді сатып алу шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайда денсаулық сақтау субъектілерінен қаражатты қайтару керек.

Депутаттар МӘМС жүйесінде жарналарды үздіксіз төлеп келгендердің жарна төлеуді тоқтатқан сәттен бастап алты айға дейін медициналық көмек алу құқығын сақтауды ұсынды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары