Сирек кездесетін аюдың бұл түрі парк аумағында арнайы орнатылған фототұзаққа сәуір айының соңында түсірілген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тянь-Шань қоңыр аюы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Соңғы жылдары ұлттық парк аумағында аюлардың саны жыл сайын артып келеді.
Алайда, бұл жануар түрі жыртқыш жануарлар санатына жататындығын ескерген жөн. Сол себепті, ұлттық парк қызметкерлері келушілерге аюлармен кездескен кезде қауіпсіздік шараларын сақтау және жануарларды алаңдататын кез келген әрекеттен аулақ болу маңызды екенін ескертеді.