Жас ғалым метрология саласында жаңа жетістікке қол жеткізді

/
Жас ғалым метрология саласында жаңа жетістікке қол жеткізді
gov.kz

Елімізде алғаш рет ауа ылғалдылығын өлшеуде маңызды болып саналатын шық/қырау нүктесінің температурасын өз бетімізше жаңғыртатын технология жасалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Оны әзірлеген — 27 жастағы жас ғалым, «ҚазСтандарт» қызметкері Асылбек Жұмағали. Оның жасаған насытқыш құрылғысы елге жыл сайын шетелге калибрлеуге тәуелді болмауға мүмкіндік беріп, ғылымда үлкен серпіліс әкелмек.

Жаңа құрылғы 2024 жылы патенттелді (Патент №9626), ал зерттеу нәтижелері халықаралық Metrology журналында жарияланды.

Қазақстан бұл жетістік арқылы халықаралық салыстыру жобасына алғаш рет пилоттық зертхана ретінде қатысып отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары