Үкімет отырысында мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов балаларға арналған жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Ол Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты мекемелер жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында жас ұрпақтың мәдени және шығармашылық әлеуетін кеңейтуге бағытталған ауқымды іс-шаралар кешенін әзірлегенін атап өтті.
Министрлікке қарасты 10 білім ордасында бүгінде 10 мыңнан астам шәкірт білім алуда. Аталған ұйымдарда жаз мезгіліне арналған арнайы мәдени-танымдық бағдарламалар бекітілді.
«Жазғы уақытта еліміздің барлық мектеп оқушыларына музейлер мен театрларға, өзге де мәдени мекемелерге тегін кіруге мүмкіндік жасалып отыр. Бұл әрбір балаға мәдени мұрамен етене танысып, рухани байи түсуге жол ашатын игі бастама», — деп толықтырды Қанат Ысқақов.