Ақтауда бір-бірін талдырып ойнайтын қауіпті ойынның кесірінен мектеп оқушысы ми жарақатын алды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 18 мамыр кешке 32В шағын ауданындағы ойын алаңында болған. Қауіпті ойыннан бала өліп кете жаздады.
12 жастағы бала есін жоғалтып, құлап, басын жерге соқты,кейін құрысулар пайда болыпты. Жанындағылар мектеп оқушысын есін жиғызбақ болған. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем шақыртудан жарты сағат өткен соң ғана келген. Зардап шегуші шұғыл түрде Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді.
Жедел жәрдем 2012 жылы туған жасөспірімді жатқызғанын растады. Ол «Жабық ми жарақаты, ми шайқалуы» диагнозымен травматология бөліміне жатқызылды.
Науқастың жағдайы тұрақты, хаттамаға сәйкес ем алып жатыр.