Желіде дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің үйлену тойда түсірілген жаңа суреттері тарап жатыр. Бұл жолы спортшы ел назарына өз жұбайымен бірге түскен фотосымен ілікті, деп хабарлады turkystan.kz.
Кадрлардан той рәсімі Руслан мен Маржан есімді жас жұбайларға арналса керек деген тұжырым жасауға болады (бұл фотозонадағы жазулардан байқалады). Салтанатты жиын қаладағы сәнді мейрамханалардың бірінде өткен.
Мерекелік кешке көптеген қонақтармен қатар Елдос Сметов те қатысып, суретке түсіп үлгерген. Әсіресе, спортшының жарымен түскен фотосы жұрт назарын өзіне аударды. Суретте Елдос жұбайының қолын ұстап, жылы жымиып тұр.