Сәкен Майғазиев ұлы Әділеттің үйлену тойына қызу дайындық бастап кетті. Ол үйін жөндеу жұмыстарын бастап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.
Өнер иесі құрылыста жүрген қазақ жігіттерінің жұмысына тәнті болған.
«Мен рушылдықты және трайвализмді, жер-жерге, ұлт-ұлтқа бөлінгенді жек көретін жігітпін. Бірақ бізде «Жұмысты басқа ұлт өкілдері ғана күшті жасайды» деген стереотип қалыптасып қалған. Ал менің үйідмегі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқандардың бәрі қазақ жігіттер. Бұл ұжымның жұмысшыларына ризамын. Бәрін тамаша істеп жатыр. Басқа ұлт өкілдері де келген. Олардың да мықты істейтіндері бар. Бірақ, міне, өзіміздің қазақтың жігіттері апыр-топырын шығарып, ғажап жұмыс істеуде. Сол... Келін түсірмесек үйімізді жөндемейді екенбіз. Жалпы айтайын дегенім, адам алаламау керек, ұлтқа бөлінбеу керек. Бәрі іскерлігіне, тәрбиесіне байланысты», - деді әнші.