Парадзюдодан әлем чемпионы атанған балуанға көлік мінгізді

/
Парадзюдодан әлем чемпионы атанған балуанға көлік мінгізді
ӨКҚ

Парадзюдошы Бексұлтан Құлмырза әлем чемпионатында J2 санаты бойынша топ жарып, Түркістан облысы тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанған болатын.

81 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен шардаралық балуан Бексұлтан Құлмырза татамиге төрт рет шығып, барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Жеңімпаздың мерейін асыру мақсатында Шардара ауданында салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты жиында аудан әкімі А.Қарсыбаев чемпионды тарихи жетістігімен құттықтап, темір тұлпар сыйлады. Сондай-ақ, чемпионды дайындаған жаттықтырушы Нұрбол Молдарахметұлы Шаймановқа 500 000 теңге көлеміндегі сертификат табысталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары