Көкшетау тұрғыны әйелін жұмыс орнында пышақтаған

/
Көкшетау тұрғыны әйелін жұмыс орнында пышақтаған
istockphoto.com

Көкшетау тұрғыны әйелінің жұмысына келіп, пышақпен шабуыл жасаған. Келіншек ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әйел адамға шабуыл жасалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Алдын-ала дерек бойынша оқиға шағын несие беретін ұйымның алдында болған. Әйел сонда жұмыс істеген.

«Дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленушінің жұбайы тұрмыстық жанжал кезінде оған пышақ сұғып, оқиға орнынан кетіп қалған. К.дікті дереу ұсталып, полицияға жеткізілді», - деді Ақмола облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары