Астанада цирк әртісі 5 метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО)

/
Астанада цирк әртісі 5 метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО)
istockphoto.com

18 мамыр күні Астана циркінде қойылым кезінде акробат қыз 5 метр биіктіктен құлап кетті, деп хабарлады turkystan.kz сайты sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, қойылым қараңғыда көрсетілгендіктен, көрермендер бірден не болғанын түсіне қоймаған. Кейінірек цирк әкімшілігі әртістің құлауына қатысты пікір білдірді.

«Ол — спорт шебері, күрделі трюктерді сақтандырусыз орындауға үйренген. Қазіргі таңда жеңіл жарақат алып, жақын уақытта манежге қайта оралып, көрермендерді қуантуын жалғастырады», — деді әкімшілік өкілдері.

Зардап шеккен әртістің жағдайы туралы Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді:

«Қыз бала циркте 5 метр биіктіктен құлап жарақат алған. Оқиға орнынан оны жедел жәрдем бригадасы алып кетті. Бас жарақатын алып, ми шайқалу диагнозы қойылды. Жалпы жағдайы – орташа ауыр, тұрақты. Қазіргі уақытта пациент "ДАРИТ" қалпына келу палатасында жатыр», — деп хабарлады басқарма.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары