Республикалық маңызы бар жолдарда жүрген кезде жолға жабайы аңдар шығып кетуі мүмкін, оның ішінде киіктердің үйірі де бар. Көктемгі және күзгі мезгілде киіктер жол бойымен қозғалып, көшуі мүмкін, деп жазады turkystan.kz.
«ҚазАвтоЖол» компаниясы осындай қауіпті жағдайлар мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін келесі ережелерді сақтауға кеңес береді:
- «Жабайы жануарлар» белгісі қойылған учаскелерде жылдамдықты төмендетіңіз. Бұл әсіресе түнгі уақытта маңызды, себебі көріну шектеулі болады.
- Таңғы және кешкі уақытта өте мұқият болыңыз. Дәл осы мезгілде жануарлар белсенді түрде қозғалады.
- Егер жол бойынана үйірді байқасаңыз, дыбысты сигнал бермеңіз және оларды айналып өтуге тырыспаңыз. Жол шетіне тоқтап, жануарлар жүріс бөлігінен өтіп кеткенше дейін күтіңіз.
- Көліктен шықпаңыз. Киіктер өте үркек, күтпеген жағдайда жолға шығып, қауіпті жағдай тудыруы мүмкін.
- Жол бойында қоршаулардың зақымдануы немесе жануарлардың жаппай шоғырлануы байқалса, арнайы қызметтерге хабарласыңыз.
Естеріңізде болсын: республикалық жолдардың бойына арнайы торлар мен ескерту белгілері орнатылады. Алайда, көктемгі-күзгі көшу кезеңінде бұл торлардың зақымдануы әбден ықтимал.
Өміріңізді сақтаңыз және табиғатқа құрметпен қараңыз!
Жол - үлкен жауапкершілікті талап етеді.