Бүркіт лақап аты бар әнші Айбек Сейітов сүйінші жаңалығын бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.
«Ал, қазақ елі, сүйінші! Біздің қызымыз өмір есігін ашты! Аллама мың алғыс! Шүкір. Аиша аман!», деп жазды әнші әлеуметтік желіде.
Қуанышты жаңалықты естіген әншінің тыңдармандары құттықтауларын жаудырды.
«Ооо!!! Айбекжан-Аиша! Құттықтаймыз!», «Бауы берік болсын!», «Оо керемет! Алла ғұмырлы етсін!», «Құтты болсын!», - деп жазды желі қолданушылары.