Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Зарина Диас Жапонияның Куруме қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ширек финалдағы кездесуде Зарина жапониялық Момоко Кобориді жеңді. Матч 6:3, 6:1 есебімен аяқталды.
Зарина Диастың келесі қарсыласы қытайлық Мэйлин Ван болмақ.