Полиция аға лейтенанты Кеңес Дәурен мен полиция капитаны Ғалымжан Ибрагимов Ақбұлақ каналында ер адамның суға батып бара жатқаны туралы түскен хабарлма бойынша оқиға орнына шұғыл түрде жетіп, адам өмірін сақтап қалды.
Бірі құтқару кеудешесін киіп, суға түсіп, батып бара жатқан ер адамды ұстап тұрған. Ал екіншісі құтқару шеңберін лақтырған. Бірлескен күшпен сақшылар ер адамды жағаға алып шықты. Содан жедел жәрдем келгенше алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қуанышқа орай, азаматтың өміріне қауіп төнген жоқ.
Анықталғандай, суға батқан азамат мас күйде болған және шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Ер адам қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін әкімшілік жауапқа тартылды.
Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын шомылу маусымы кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, арнайы белгіленген жерлерде ғана суға түсуге және мас күйінде қоғамдық орындарда жүрмеуге шақырады!