Өскемендік студент 5 жастағы баланың өмірін сақтап қалды

/
Өскемендік студент 5 жастағы баланың өмірін сақтап қалды
ТЖД

13 мамырда Ерасыл Омарханов Үлбі өзенінде суға батып бара жатқан 5 жастағы баланы құтқарып қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Белгілі болғандай, ол әпкесімен өзен жағасында серуендеп, суға құлаған. Кейні ағын оны алып кеткен. Ал Ерасыл қасынан өтіп бара жатқанда, дер кезінде көмектескен.

Ерасыл Омарханов Қазақстан-Америка Еркін университетінің студенті. Ол өзінің орнында мұны кез келген адам жасайды дейді.

ШҚО ТЖД ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары