Шри-Ланкада өтіп жатқан бокстан U-22 Азия чемпионатында тағы бір отандасымыз жартылай финалға шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қадыр Ағажан жарыс қожайыны Бандар Кандеге еш мүмкіндік берген жоқ. Жекпе-жек 2 раундтан кейін аяқталды. Шри-Ланка өкілдері айқасты жалғастырудан бас тартты. Енді Қадыр Кувейт боксшысымен күш сынасады.
Тағы бір боксшымыз 67 кг дейінгі салмақта сынға түсетін Бақтияр Анарбаев та алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, жартылай финалға шыққан болатын.