«Көзінде кінәрат жоқ»: Паралимпиада чемпионы өмір бойына спорттан шеттетілді

«Көзінде кінәрат жоқ»: Паралимпиада чемпионы өмір бойына спорттан шеттетілді
oxu.az

Бұл күндері Астанада парадзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатына қатысуға ниет танытқан Әзербайжан құрамасының екі спортшысы медициналық тексерістен өте алмай қалды, деп хабарлайды turkystan.kz Oxu.Az-ке сілтеме жасап.

Токио Паралимпиадасының чемпионы Шахана Гаджиева (J2 санаты, 52 келі) парадзюдошылардың жарыс алдында өтетін медициналық тексерісінен өте алмай қалды. Белгілі болғандай, осы уақытқа дейін зағиптар арасында күш сынасып келген 24 жастағы спортшының көзінде еш кінәрат жоқ болып шықты. Сөйтіп, ол өмір бойына спорттан шеттетілді.

Сонымен қатар бұған дейін мүлде көзі көрмейтіндер арасында күресіп келген Эльнара Низамлының көзі көретін болып шықты. Ол енді жартылай көзі көрмейтін атлеттер санатына ауысып, жарысқа араласады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Токио Паралимпиадасының чемпионы атанған Ақмарал Науатбек Астанада өтіп жатқан әлем біріншілігінде жарыс жолынан шығып қалған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары