«Тілімді ұзартамын деп жақтан кеткенім бар»: Жұлдыз Әбдікәрімова алып жүрген емі туралы

/
«Тілімді ұзартамын деп жақтан кеткенім бар»: Жұлдыз Әбдікәрімова алып жүрген емі туралы
instagram

Белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жақ сүйегіне байланысты ем алып жүргенін мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

 «Кезінде тілімді ұзартамын деп жақтан кеткенім бар еді... Мен сол тістің жырымен жүрген жайым бар. «Жұлдыз, сәл шыда, аз-ақ қалды» деп жүрмін. Қай деңгейіне келгенімізді көрсетейін. Бірақ шошып кетпеңіздер.

2023 жылдан бері жақпен алысып келемін. Мен де қайтпаймын, жақ та шаршамайды. Фиништің ауылы алыс емес. 2026 жылы бітеді, дейді-мыс. Бұл процесс өз мәресіне жеткенде, өз кеңестерімен бөлісемін», - деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары