Астана қаласының Байқоңыр ауданында орналасқан қойманы өрт шарпыды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы төтенше жағдайлап қызметі мәлімдеді.
Өрт объектісі ангарлық үлгідегі қойма. Өрт сөндірушілер ғимараттың шатырын ашып, өртті сөндіріп жатыр.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі белсенді жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндіру штабы құрылды.
Өрттің бет алысы қатты әрі түтін көп болғаны өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатуда. Сумен үздіксіз қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.