Павлодар тұрғыны iPhone сатып алу үшін 1 млн теңгесін алаяқтарға аударған

/
Павлодар тұрғыны iPhone сатып алу үшін 1 млн теңгесін алаяқтарға аударған
istockphoto.com

Павлодар қаласының тұрғыны Instagram желісіндегі парақша арқылы 2 дана iPhone 16 Pro Max ұялы телефонына тапсырыс беріп, парақшада көрсетілген шотқа 1 160 000 теңге аударған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алайда тауар келмей, сатушының парақшасы бұғатталып кеткен.

Қазіргі уақытта полиция күдіктілерді анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Осыған байланысты полиция тұрғындарды интернет арқылы сауда жасау кезінде барынша сақ болуға шақырады.

Мынандай қарапайым ережелерді есте ұстау ұсынылады:

  • Сатып алудан бұрын сатушы туралы пікірлерді мұқият оқыңыз;
  • Карта деректерін бөгде адамдарға ешқашан бермеңіз;
  • Интернет-сауда үшін жеке, аз көлемдегі қаражатпен карта ашыңыз;
  • Төлемді тауар қолыңызға тиген соң жасауды таңдаңыз;
  • Сайттың мекенжайын мұқият тексеріңіз – жалған сілтемелерде жиі қателер болады.

Күдік тудырған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес беріледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары