Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінісі болды

/
Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінісі болды
istockphoto.com

Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады turkystan.kz.

 жер сілкінісі бүгін, 12 мамырда Астана уақыты бойынша 06:33-те болған.

«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 234 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Эпицентрі – 41,682º N 74,960º E. Тереңдігі – 10 км. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,4. MPV магнитудасы – 4,8», – делінген дүйсенбіде жарияланған сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы ЖШС сайтында.

Есептерге сәйкес, Қазақстан аумағында сейсмикалық белсенділік сезілген жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары