«Ұлы дала жорығы-2025»: Екінші кезеңде Қырғыз Республикасының бірінші командасы жеңіске жетті

/
«Ұлы дала жорығы-2025»: Екінші кезеңде Қырғыз Республикасының бірінші командасы жеңіске жетті

11 мамыр күні Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бəйгесінің екінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де 17 команда Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақбақты аулының маңынан жорықты жалғап, Балқаш ауданы, Аралтөбе ауылының маңынан аяқтады.

Екінші кезең яғни бүгінгі күннің қорытындысы бойынша, Маңғыстау облысының командасы жеңімпаз атанды. Қырғыз Республикасының бірінші командасы мəре сызығына екінші болып жетсе, Алматы облысының командасы үштікті түйіндеді.

200 км қорытындысы

  • Қырғыз Республикасының бірінші командасы 11:38:14
  • Маңғыстау облысы 11:41:29
  • Ұлытау облысы 11:56:32
  • Алматы облысы 12:00:39
  • Жетісу облысы 12:11:41
  • ШҚО 12:25:17
  • Жамбыл облысы 12:42:47
  • Астана қаласы 12:51:32
  • Абай облысы 12:57:26
  • Қырғызстанның екінші командасы 14:09:55
  • 11 Атырау облысы 14:39:39
  • 12 Қостанай облысы 14:43:57
  • 13 РФ Татарстан (Жарыстан шықты)
  • 14 Ақмола облысы (Жарыстан шықты)
  • 15 Қарағанды облысы (Жарыстан шықты)
  • 16 БҚО (Жарыстан шықты)
  • 17 Мажарстан (Жарыстан шықты)
  • 18 Иран (Жарыстан шықты)
  • 19 Оңтүстік Африка (Жарыстан шықты)

Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды жəне бағыт Алматы облысының аумағын қамтиды. Марафон 14 мамыр күні Қонаев қаласында аяқталады.

Қолдау көрсетушілер: «AMANAT» партиясы жəне Алматы облысының əкімдігі

Айта кетейік, «Ұлы Дала Жорығы» – үздік жылқы тұқымы анықталатын далалық лаборатория.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары