10-мамыр күні Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші кезеңі аяқталды.
Таңғы 7.00-де 19 команда Алматы облысы, Қонаев қаласының маңынан жорықты бастап, Алматы облысының аумағындағы Бақбақты ауылының маңынан аяқтады.
Бірінші кезең қорытындысы бойынша, Ұлытау облысының командасы жеңімпаз атанды. Қарағанды облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Қырғызстанның бірінші командасы үштікті түйіндеді.
1-күн қорытындысы:
1 Ұлытау облысы 5:33:37
2 Қарағанды облысы 5:33:39
3 Қырғызстанның бірінші командасы 5:35:49
4 Шығыс Қазақстан облысы 5:39:35
5 Маңғыстау облысы 5:40:07
6 Алматы облысы 5:43:04
7 Абай облысы 5:46:42
8 Жетісу облымы 5:49:18
9 Астана қаласы 6:00:59
10 Жамбыл облысы 6:05:05
11 Қырғызстанның екінші командасы 6:07:02
12 Батыс Қазақстан облысы 6:20:58
13 РФ Татарстан 6:27:29
14 Ақмола облысы 6:31:48
15 Атырау облысы 6:57:58
16 Қостанай облысы 7:09:58
17 Мажарстан 7:38:31
18 Иран 7:41:35
19 Оңтүстік Африка 7:52:56
Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Алматы облысының аумағын қамтиды. Марафон 14 мамыр күні Қонаев қаласында аяқталады.