Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 514– 520 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 10 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 516,01 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,26 теңге. Еуро — 582,47.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 516,3 теңге. Еуро 582 — 586 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 520 теңге, сатып алу құны — 514 теңге. Еуро 580 теңгеден сатып алынып, 587 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,11 — 6,25 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 8 мамыр сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,52 теңгеге төмендеп, 516,01 теңге болған.