Димаштың орындауындағы саундтрек жаңа рекорд орнатты

Димаштың орындауындағы саундтрек жаңа рекорд орнатты

Димаштың орындауындағы саундтрек жаңа рекорд орнатты
ашық дереккөзі
Димаш Құдайбергеннің орындауындағы Қытайдың "Battle of memories" фильмінің саундтрегі шыққан күнінен бастап ITunes QQ,-да ең көп тыңдалатын әндердің көш басында болды. Бұл туралы қазақстандық әншінің PR-директоры әрі досы Алпамыс Шаримов хабарлады. Айта кетейік, "Battle of memories" мистикалық триллері Қытайда 6 сәуірде прокатқа шығады. Сюжет бойынша, белгілі роман жазушы Хуан Бо отбасындағы сәтсіздіктерді есінен шығарып тастайды. Ал кейіннен ол сол сәттерді қайтармақшы болып, сюжет бойынша қылмыскер болып кетеді. Димаш Құдайбергеннің қытай тілінде шыққан композициясын бес сағат ішінде 155 мың адам тыңдаған. Айта кетейік, кеше Димаш Құдайбергеннің финалдың бірінші кезеңінде қандай ән айтатыны белгілі болған еді. "8 сәуір күні Финалдың алғашқы сайыс күні итальяндық ән Адриано Челентаноның "Confessa" және "Бесінші элемент" фильміндегі Дива Плавалагунаның ариясын тыңдай аласыздар! Тілектеріңіз бен қолдауларыңызға раxмет! Біргеміз", - деп жазған еді Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында. Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының 10-шы кезеңінде 3-орын алып, байқаудың финалына шыққан болатын. Бұл кезеңде қазақстандық әнші "Ұмытылмас күн" әнін қазақ және қытай тілінде орындады. Айта кетейік, әннің авторы Димаш Құдайбергеннің өзі де, сөзін Орал Байсеңгір жазған. Ал 1 сәуірден бастап байқауды қазақстандық телеарна көрcетіп жатыр. Сондай-ақ, Димаш Құдайбергеннің Астанада Лара Фабианмен бірге ән салатыны хабарланған болатын. "Димаш Құдайберген шақырады" концерті "Астана Арена" сахнасында 27 маусымда өтетіні айтылған еді.   https://www.youtube.com/watch?v=BnC-U6nj2Kw