«Жолаушылар тасымалы» АҚ алдағы жаз мезгілінде 11 қосымша теміржол бағытын іске қосады, деп хабарлайды turkystan.kz.
2025 жылғы маусым мен қыркүйек аралығында төмендегі пойыздар қатынайтын болады: 3 Тальго құрамы, 5 стандартты пойыз және 3 пойызға қосымша вагондар жалғанады:
№253/254 «Астана — Достық» (Тальго) пойызы аптасына 2 рет қатынайды.
№207/208 «Алматы — Жаланашкөл» (Тальго) пойызы белгіленген күндерде қатынайды.
№211/212 «Алматы — Достық» (Тальго) пойызы күнара қатынайды.
№221/222 «Алматы — Достық» пойызы аптасына 3 рет қатынайды.
№457/458 «Семей — Достық» пойызы күнара қатынайды.
№459/460 «Өскемен — Достық» пойызы күнара қатынайды.
«Алматы — Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
«Қызылорда — Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
«Павлодар — Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
№201/202 «Астана — Алматы» пойызы күн сайын жүреді.
№203/204 «Астана — Шымкент» пойызы күн сайын жүреді.
Қосымша пойыздардың іске қосылуы 270 000-нан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.