Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай дрондар шоуы өтеді

/
Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай дрондар шоуы өтеді
istockphoto.com

9 мамыр күні сағат 21:00-де Алматыдағы Абай алаңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ерекше дрондар шоуы өтеді. Іс-шара барысында аспанда 500-ден астам дрон қатысатын жарық шоу ұсынылады.

Көрсетілім барысында соғыс жылдарында Қазақстанның хас батырлары — Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Бауыржан Момышұлы бейнесі жарық анимация арқылы жанданбақ. Олардың ерлігін сипаттайтын көріністер символикалық түрде бейнеленеді.

Көрермендерге арналған арнайы алаңдар Абай алаңында, «Қазақстан» қонақ үйінің жанында, Caspian University маңында және Абай даңғылы бойында (Назарбаев даңғылынан Достық көшесіне дейін) дайындалады.

 Іс-шараға байланысты 18:00-ден 21:30-ға дейін Абай даңғылының Назарбаев даңғылынан Достық көшесіне дейінгі аралығы мен Достық көшесінің Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлігі уақытша жабылады.

Қала тұрғындарына қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары