Талдықорған қаласының Көктөбе көшесінде орналасқан екі қабатты, сегіз пәтерлі тұрғын үйдің шатыры жанды, деп хабарлайды turkystan.kz.
ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, өртті толықтай сөндіріп, үйден жеті газ баллонын қауіпсіз жерге алып шықты.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін үш куәгер - полиция, ТЖД және газ қызметінің қызметкерлері жұмыстан тыс бос уақыттарында өрт болған үйден 3 кәмелетке толмаған баланы құтқарды.
Алдын ала жану аумағы 250 ш.м. құрады. Тұрғындар далаға өздері шыққан.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады.