Отан қорғаушылар күнінде жас ғалымға баспана сертификаты берілді

/
Отан қорғаушылар күнінде жас ғалымға баспана сертификаты берілді
gov.kz

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде Отан қорғаушылар күніне орай өткен салтанатты шарада Математика және математикалық модельдеу институтының аға ғылыми қызметкері Нұрлан Еркінбаевқа тұрғын үй сертификаты табысталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Министр Саясат Нұрбек құттықтау сөзінде қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жас ғалымдарды қолдау бағытындағы нақты шаралар қолға алынғанын атап өтті.

– Жас ғалымдарға қолдау көрсету – еліміздің ғылыми әлеуетін арттырудың маңызды тетігі. Министрлік бұл бағыттағы жұмысты кезең-кезеңімен жалғастырады. Жас зерттеушілердің санын арттыру ғылымның дамуына және ғылыми жетістіктерді коммерцияландыруға оң ықпал етеді, – деді Саясат Нұрбек.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 69 жас ғалым тұрғын үй сертификаттарын алған болатын. Сонымен қатар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банк» акционерлік қоғамы арасында 2023-2027 жылдарға арналған жас ғалымдарға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған. Қазіргі таңда осы бағдарлама аясында 353 жас ғалым баспаналы болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары