Астана – Қорғалжын автожолы жөнделіп жатыр

/
Астана – Қорғалжын автожолы жөнделіп жатыр
ҚазАвтоЖол

Астана – Қорғалжын автожолының 19-58 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөнделіп жатқан учаскенің ұзындығы 39 шақырымды құрайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталмыш жұмыстарға 8 маман және 8 бірлік техника жұмылдырылды.

Негізгі орындалған жұмыстар:

  • 952 м2 ауданда ісінгіш учаскелер жойылды;
  • 10 мың м2 астам ауданда ресайкілеу әдісімен жолдың негізі күшейтілді;
  • Ақмол ауылында сыртқы жарықтандыру орнатылуда;
  • траншеяларда 345 м3 көлемінде топырақ қазылып, 69 м3 құм төселді;
  • 2,5 шақырымға кабель төселіп, дәл сондай қашықтықта сигналды таспа орнатылды;
  • траншеяларды құммен және топырақпен толтыру жұмыстары жүргізілді;
  • жарық тіректерін орнату үшін 80 шұңқыр қазылып, элементтер орнатылып, бетонды фундаменттер құйылды.

Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл бағытта қозғалыс қауіпсіздігі артып, жүргізушілер үшін қолайлы болмақ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары