Қарағанды мен Балқаш арасында қатынайтын жаңа жүрдек пойыз іске қосылады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Балқаштың туристік тартымдылығын арттыру үшін және тұрғындарға ыңғайлы болу үшін Қарағандыдан Балқашқа қосымша жүрдек пойыз іске қосылады. Олмаусым айынан қыркүйекке дейін жүреді. Бұл уақытта 30 мың жолаушыны тасымалдай алады», - делінген хабарламада.
Алты вагоннан тұратын құрам күнара жүреді.
Қарағанды облысының Жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасының ақпаратынша аялдама аз болғандықтан жолда жүру уақыты 6 сағатты құрайды.