Ең табысты боксшылар тізімінде Головкин екінші орында

Ең табысты боксшылар тізімінде Головкин екінші орында

Ең табысты боксшылар тізімінде Головкин екінші орында
ашық дереккөзі
Қазақстандық Геннадий Головкин Forbes нұсқасы бойынша ең табысты Pound-For-Pound боксшыларының тізімінде екінші орынға тұрақтады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Осылайша, GGG бірінші орта салмақтағы мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (48-1-1, 34 КО) қалып тұр. Ал үздік үштікті WBA (Super), WBO және IBF тұжырымдары бойынша ауыр салмақтағы америкалық Андре Уорд (31-0, 15 КО) қорытындылады. Айта кетейік, Головкин 18 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобспен өткен кездесуде 2,5 миллион доллар алған болатын. Бұл оның мансап жолындағы ең қомақты гонорар. Сондай-ақ, бұл тізімде Головкиннің бұрынғы қарсыласы ұлыбританиялық Келл Брук бар. Ал енді Forbes нұсқасы бойынша ең табысты Pound-For-Pound боксшыларының толық тізімін ұсынамыз: 1. Сауль "Канело" Альварес; 2. Геннадий Головкин; 3. Андре Уорд; 4. Владимир Кличко-ЭнтониДжошуа; 5. Мэнни Пакьяо; 6. Кит Турман; 7. Сергей Ковалев; 8. Деонтей Уайлдер; 9. Василий Ломаченко; 10. Теренс Кроуфорд; 11. Дэниэл Джейкобс; 12. Эдриэн Бронер; 13. Келл Брук; 14. Майки Гарсия; 15. Эррол Спенс.