Екібастұзда жоғалып кеткен ер адам 2 аптадан бері табылмай жатыр

/
Екібастұзда жоғалып кеткен ер адам 2 аптадан бері табылмай жатыр
istockphoto.com

Шахриддин Баймурадов 18 сәуірде үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

«VITA» еріктілері жақын маңдағы көшелерді аралап, жергілікті тұрғындар мен кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардан сұрастырған.

– Ер адамның бас сүйегіне ота жасалған, жарақаттан кейін құрысулар пайда болды. Жоғалған күні де құрысу пайда болып, туыстары жедел жәрдем шақырған. Бұдан кейін Шахриддин үйінен шығып, белгісіз бағытта кеткен,  – деді еріктілер.

Іздеу шаралары әзірге нәтиже бермеген.

– Біз де оның жақындары сияқты Шахриддин аман-есен табылады деп үміттенеміз. Барлық адамдардан көмек сұраймыз, – дейді іздеушілер.

Жоғалған адам туралы кез келген ақпарат болса, +7 (747) 615 55 63  (іздеу тобының жетекшісі Катерина), +7 (778) 295 97 55 (Екібастұз қаласындағы іздестіру тобының үйлестірушісі Самал) нөмірлеріне хабарлауға болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары