«Шығын 52 млн теңге»: Мемлекеттік кәсіпорын салық органына жалған декларация тапсырған

/
«Шығын 52 млн теңге»: Мемлекеттік кәсіпорын салық органына жалған декларация тапсырған
istockphoto.com

Ақмола облысының Жақсы ауданының прокуратурасы мемлекеттік кәсіпорындарға тексеріс жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекеттік кәсіпорындардың бірі 2024 жылдың 2 және 3 тоқсанында салық органына жеке табыс және әлеуметтік салықтар бойынша декларацияларды негізсіз нөлдік мәнде тапсырған.

Соның салдарынан бюджетке 52 млн теңгеден астам салық түспеген.

Прокуратура араласқаннан кейін көрсетілген сома төленді. Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары