Қара алтын қымбаттады

Қара алтын қымбаттады

Қара алтын қымбаттады
ашық дереккөзі
Әлемде мұнай бағасы қымбаттады. Brent маркалы қара алтынның бір баррелі өткен айдан бері алғаш рет 54 доллардан асып, қазір 54,45 долларға сатылып жатыр. WTI маркалы шикізаттың да бір баррелінің құны 51,34 долларға дейін көтерілген деп хабарлайды 24.kz. Сарапшылардың айтуынша, оған АҚШ-та мұнай қорының азаюы туралы болжамдар әсер еткен. Оның үстіне инвесторлар ОПЕК және оған мүше емес елдер қара алтын өндіру көлемін шектеу туралы келісімді ұзартуы мүмкін деп топшылап отыр. Бұл да бағалардың қымбаттауына септігін тигізген.