«Әркім өз бетімен кетті»: Танымал актриса екінші некесі сәтсіз аяқталғанын айтты

/
«Әркім өз бетімен кетті»: Танымал актриса екінші некесі сәтсіз аяқталғанын айтты
Әлеуметтік желіден

Елімізге танымал актриса Сая Оразғалиева Instagram-дағы парақшасында екінші күйеуімен ресми түрде ажырасып кеткенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айта кетейік, актрисаның екінші күйеуімен ортақ екі баласы бар.

Сезім енді тұзаққа түсуге себеп емес. Соңында әркім өз бетімен кетті… — деп жазды ол.

Өнер иесі  «құрбыларыңды тыңдап, осындай шешім шығардың» деген оқырманына да жауап берді.

Бізбен бірге тұрғандай жазыпсыз. Ол жақсы, мен жаманмын ба? Кімнің кім екенін қайдан білуге ​​болады? Достарымды тыңдасам, ажыраспас едім. Ал менің қалай және кіммен жақсы болатынымды сіз неге шешесіз? Сіз Құдайсыз ба? Ойланып сөйлеңіз, мен енді ешкімді аямаймын. Біз шешім қабылдадық және ресми түрде ажырасып кеттік, —  деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары