Елімізде «Turaqty jol» экологиялық акциясы басталды

/
Елімізде «Turaqty jol» экологиялық акциясы басталды
Turaqty jol

Мамыр айының басында Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларында TURAQTY JOL 6.0 Ұлттық әлеуметтік эконауқаны аясында ауқымды экологиялық акциялар легі өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Мемлекет Басшысы жариялаған «Таза Қазақстан» бастамасына орай елдің барлық өңірлерінде жүзеге асырылған бұл жоба аясында жаппай ағаш отырғызу және барлық қалалық сенбіліктер ұйымдастырылды.

Табиғатты аялауға бейжай қарамайтын 4000-ға жуық адам қала көгалдандыруына өз үлесін қосып қана қоймай, таза әрі салауатты орта үшін жалпыреспубликалық қозғалыстың белсенді қатысушыларына айналды. Іс-шаралар халықтың экологиялық санасын арттыруға және жастарды тұрақты даму жобаларына белсенді тартуға бағытталған.

ЦентрКредит Банкінің Тұрақты даму жөніндегі (ESG) директоры Арнур Ибраевтің айтуынша: «TURAQTY JOL — жай ғана экологиялық акция емес, бұл – қоршаған орта мен табиғи ресурстарға деген терең жауапкершілік сезімін қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар қоғамда тұрақты даму идеялары мен табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін кеңінен насихаттауға ықпал ететін қозғалыс. Біз, Банк ЦентрКредит ұжымы, осы бастаманың бір бөлігі болғанымызға мақтанамыз және жыл сайын отбасылар мен жастардың белсенділігінің артып келе жатқанын көріп қуанамыз. Қоғамның осындай жоғары белсенділігі бізді ерекше қуантады, өйткені қалаларымыз бен еліміздің болашағы дәл осы азаматтық белсенділікке байланысты».

TURAQTY JOL – өскелең ұрпаққа мәдени, адамгершілік және экологиялық құндылықтарды сіңіру арқылы туған жерге ұқыпты қарау көзқарасын қалыптастыруға бағытталған білім беру бастамасы. Бұл бағдарлама – Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы тарапынан табысты өткізілген бес кезеңдік жобаның жалғасы болып табылады. Бастама бас серіктес – ЦентрКредит Банкі, ресми серіктес - Chevron компаниясы және серіктес - HP Global Trading B.V компаниясының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Бастама Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігі, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы, Алматыдағы ЮНЕСКО-ның Өңірлік кеңсесі және Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Жоба ақпараттық серіктестері – «Almaty» телеарнасы және «Amanat Media Group» холдингі.

«TURAQTY JOL 6.0 бастамасының бір бөлігі болу – бұл біздің қоршаған ортаны қорғауға және тұрақты дамуға деген адалдығымыздың айқын көрінісі. Ел көлемінде өткізілетін экологиялық науқанды қолдай отырып, біз Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі қауымдастықтарды табиғи мұрамызды сақтауға бағытталған нақты әрекеттерге шабыттандырғымыз келеді. Қазақстанның жастарымен, әріптестерімізбен және серіктестерімізбен бірге біз жасыл әрі салауатты болашақтың негізін қалаудамыз. Бұл бастама – қалаларда, елімізде және жалпы қоғамда оң өзгерістерге қол жеткізу үшін бірлескен күш-жігердің маңыздылығына деген сенімімізді білдіреді», – деді «Шеврон» компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің корпоративтік байланыстар жөніндегі бас менеджері Еркін Зікібаев.

Іс-шара аясында ел бойынша 9,8 тонна қоқыс жиналып, 410 ағаш көшеттері отырғызылды. Пластикалық бөтелкелер, қағаз, шыны, тұрмыстық және басқа да қоқыс түрлері мұқият сұрыпталып, жергілікті компанияларға қайта өңдеуге берілді.

«Біздің компания үшін экологиялық жауапкершілік – бұл тек құндылық қана емес, корпоративтік мәдениеттің бір бөлігі. Ал “TURAQTY JOL" акциясына қатысу – біздің тұрақты дамуға жеткізетін жаһандық жолымыздың жалғасы. Бірлесе отырып, біз тек қоршаған ортаны жақсартып қана қоймай, қамқорлық, ынтымақтастық және саналы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып жатырмыз», – деп HP Inc Орталық Азияның Бас директоры Светлана Вырыпаева атап өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 2025 жылы TURAQTY JOL 6.0 жаңартылған форматта жүзеге асырылады, оған жаңа компоненттер – Республикалық Инновациялар мен Шығармашылық Фестивалі және Экологиялық Media Camp қосылады. Бұл іс-шаралар жастардың қатысуын белсендендіруге, креативті және экологиялық ойлау қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ медиакоммуникациялар мен тұрақты даму саласындағы дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары