Атырауда терезе арқылы үйге кіріп, бағалы заттарды ұрлаған екі күдікті ұсталды, - деп хабарлайды turkystan.kz.
Олар пластикалық терезелерді арнайы құралмен ашып, үй ішінен алтын бұйымдар мен әртүрлі валютадағы ақшалай қаражатты қолды қылған.
Үрлаған алтын бұйымдарды қаладағы бірнеше ломбардқа өткізіп үлгерген.
Сондай-ақ олардың осындай тәсілмен жасалған тағы үш ұрлық дерегіне қатысы бары дәлелденді.
Қазіргі уақытта аталған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.