Түркияның Анталья қаласына қарасты Серик ауданында магнитудасы 3,9 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Түркия үкіметіне қарасты Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасы (AFAD) мәлімдеді.
Мәліметке сәйкес, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 17:43-те тіркелген.
Зілзаланың ошағы 94 шақырым тереңдікте орналасқан.