Ертең Елордада «Бірлік жүгірісі – 2025» республикалық шарасына орай бірнеше көше жабылады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді.
1 мамырда Астанада Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған жүгіру шарасы өтеді. Осыған орай бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі.
Шараның орталығы – EXPO маңайы болмақ.
30 сәуір күні 20:00-ден бастап Түркістан көшесінің бір бөлігі жабылады.
1 мамырда 06:45-тен 10:00-ге дейін Түркістан және Ақмешіт көшелерінің бойы ЭКСПО-дан Бәйтерек монументіне дейін жабылады.