Қазақстандық екі спортшы бессайыстан Әлем кубогіне қатысады

/
Қазақстандық екі спортшы бессайыстан Әлем кубогіне қатысады
olympic.kz

Қазіргі бессайыстан Болгарияда өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандықтар анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

7-11 мамыр аралығында Болгарияның Пазарджик қаласында қазіргі бессайыстан Әлем кубогының кезеңі өтеді.

Аталмыш ірі халықаралық турнирде Қазақстан құрамасынан екі спортшы бақ сынайды.

2024 жылғы Олимпиада қатысушысы Георгий Борода-Дудочкин мен Константин Сычев жүлделі орындар үшін жарысқа қатысады.

Ал жуырда ғана Венгрия астанасы Будапештте өткен кезеңде Темірлан Әбдраимов жартылай финалға дейін жеткен болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары