Әлімханұлы мен «Канело» жекпе-жегіне қатысты күтпеген мәлімдеме жасалды

/
Әлімханұлы мен «Канело» жекпе-жегіне қатысты күтпеген мәлімдеме жасалды
Сурет: sports.kz

WBA және IBF нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Амир Хан (40 жекпе-жек, 34 жеңіс, 21 нокаут) мексикалық чемпион Сауль «Канело» Альварес туралы пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен үшін “Канело” – ең үздік боксшылардың бірі. Мүмкін, бір күні Жәнібек онымен жекпе-жекке шығып, сіздердің боксшыларыңыз “Triple G” үшін қарымта қайтарар. Себебі Жәнібек өте жақсы дамып келеді және алдағы уақытта “Канеломен” жекпе жекке шығуы әбден мүмкін. “Канело” — керемет чемпион, оны аңызға айналған спортшы демеуге болмайды», – деді Амир Хан Qazsport TV арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 2016 жылы Амир Хан мексикалық боксшымен рингке шығып, алтыншы раундта нокаутпен жеңілген. Ол кезде «Канело» орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалған еді. Бұл жекпе-жек үшін Амир Хан жартылай орта салмақтан жоғары көтерілген болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары