«Жүргізуші куәлігін алып беремін»: Елден 2,5 млн теңге алған келіншік қамалды

/
«Жүргізуші куәлігін алып беремін»: Елден 2,5 млн теңге алған келіншік қамалды
polisia.kz

Ақтөбе облысында алаяқтық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алға қаласының тұрғыны түрлі қызметтерді көрсетемін деген сылтаумен алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Бір жағдайда ол жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде беріп, 1,3 млн теңге иемденген.

Екіншісінде осындай сылтаумен, сондай-ақ автокөлікті шетелдік есептен қазақстандық есепке қайта рәсімдеуге көмектесуге уәде беріп, басқа азаматтан 1,2 млн теңгеге жуық қаражатты қалтаға басқан.

Екі факті бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция департаменті құжаттарды рәсімдеу немесе жеке тұлғалар арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін қолма-қол ақшаны беру кезінде абай болу керек екенін еске салады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары