«AMANAT»: «Доссор-Құлсары» тасжолы 1 маусымнан бастап пайдалануға беріледі

«AMANAT» партиясы

Атырау облысында жол мәселесі жылдар бойы шешілмей келеді. «Доссор-Құлсары» мен «Атырау-Астрахань» бағыттарындағы автожолдардың құрылысы созылып, тұрғындардың наразылығын тудырды. «AMANAT» партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңес өңірге арнайы барып, құрылыстың жағдайын бақылап қайтты. Өз кезегінде шенеуніктер «Доссор-Құлсары» тас жолы осы жылдың 1 маусымында пайдалануға берілетінін айтты.

Айта кетейік, былтыр күз айларында «Доссор-Құлсары» тас жолының жабындысын жаңарту жұмысы басталғанымен, соңына дейін аяқталмай қалған болатын. Бұған қоса, «Атырау-Астрахань» тас жолының құрылысы да бірнеше жылған созылуда. Биыл ақпан айында аталған Кеңестің отырысы өтіп, онда дәл осы мәселе көтерілді. Ал наурыз айында осы «Доссор-Құлсары» тас жолына асфальт төсеу жұмысы басталды.

Бұл жолы Кеңес мүшелері жол құрылысы жүріп жатқан учаскелерді аралады. Мердігерлердің уәжін тыңдап, жұмыс сапасы мен мерзімнің сақталуын қатаң бақылауға алуды талап етті.

Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров өңірдегі жол жағдайы республикалық деңгейдегі мәселеге айналғанын алға тартты.

«Бүгін біз «Доссор-Құлсары-Ақтау» республикалық автожолын орташа жөндеуге және «Атырау-Астрахань» автожолын қайта жаңартудың қазіргі жағдайына қатысты өңір тұрғындарынан келіп түскен шағымдарды қарап, оны шешу жолдарын талқылау үшін жиналып отырмыз. Өңірде жол мәселесі – ең өзекті тақырыптардың бірі. Тұрғындар жол сапасына, жөндеу жұмысының қарқыны мен нәтижесіне шағымдануда. Біз осы жағдайды көзбен көру үшін келдік. Бұл – республикалық деңгейдегі проблемаға айналды», – деді Ерлан Саиров.

Өз кезегінде, «ҚазАвтоЖол» АҚ аймақтық филиалының директоры Серік Керімқұлов «Атырау-Астрахань» тас жолының құрылыс жыл соңына дейін толық аяқталатын мәлімдеді.

«Былтырғы тасқын су әлі күнге дейін толық кеуіп кеткен жоқ. Соған байланысты, айналма жолдардағы жұмыс тұрып қалды. Асфальт төсеу жұмысы аяқталды. Қазір қосымша бекіту жұмысы жүргізілуде. Бұған дейін «Атырау-Астрахань» жолы 100 пайыз аяқталды деген болатынбыз. Яғни, жолға асфальт төсеу жұмысы аяқталды. Айналма жолдар әлі аяқталған жоқ. Аққыстау-Тұщықұдық жолының 17 шақырымында жұмыс жыл соңына дейін тәмамдалады деп күтілуде. Жалпы, «Атырау-Астрахань» жолындағы қосымша бекіту жұмысы биыл толық аяқталады», – деді Серік Керімқұлов.

Бұл ретте, «ҚазАвтоЖол» АҚ төрағасының орынбасары Дархан Сақанов, «ҚазАвтоЖол» АҚ аймақтық филиалының директоры Серік Керімқұлов және Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев «Доссор-Құлсары» тасжолының беті қырылып, ашық қалған 8,5 шақырымды биыл 1 маусымға дейін аяқтауға уәде берді.

«Мердігерлер кемшіліктің бәрін маусым айына дейін жойып, тамызда толық жол жөндеу жұмысын аяқтайды. Әрине, жол жөндемесе болмайды. Алайда ол тұрғындарға қолайсыздық туғызбауы керек. Жол құрылысы кесірінен көлік бұзылатын болса, бұл азаматтардың қалтасына салмақ салады. Қандай жұмыс атқарылса да, ең бастысы халыққа материалдық тұрғыда зиян келтірмеу мәселесі басты назарда болуға тиіс. Енді осы жол жөндеу жұмысының сапасын қадағалау мақсатында «AMANAT» партиясының бақылау бекеттері құрылады. Атырау облыстық мәслихатының және Мақат аудандық мәслихатының депутаттары оны өз бақылауына алады», – деп түйіндеді Ерлан Саиров.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары